Бүгін, Үкіметтке өткен баспасөз мәслихаты кезінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова осылай деді. Аталған тізімде 507 мың адам бар. Қазақстандықтарға қатысты мәліметтерді жинау барысында ерлі-зайыптының әрқайсы жайлы мәлімет сараланады. Сондай-ақ, көпбалалы отбасы болса, жәрдемақының кімнің атына рәсімделгені тексерілмек. Яғни, ерлі-зайыптының әрқайсының кредиті бар-жоғы ескеріледі. Осыдан кейін ол мәліметтер проблемалық кредиттер қорына жіберіледі. Жалпы, қазіргі таңда 1млн 192 адамның банк алдында қарызы өтелді. Өтеменің жалпы соммасы 33 млрд теңгеге таяу.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Несие бойынша қарыздары кешірілетін қазақстандықтардың тізімі әлі де толықтырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115616/)