Президент Үкіметке бюджетті жоспарлаған кезде әр кезеңдегі шығыстарды оңтайландырып, Есеп комитетімен тығыз байланыс орнатуды тапсырды. Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен қаржы, экономика салаларына жауапты министрлерді Ақордада жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев үш жылға арналған бюджет жобасының негізгі бағыттарын айқындады. Мемлекет басшысы қаражатты имидждік және консалтингтік шараларға емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан тиімді жобаларға жұмсауды жүктеді. Сондай-ақ қазынаның әр тиынына бақылауды күшейту керек екенін айтты.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қ.Тоқаев бюджеттік жоспарлау мәселелеріне арналған жиын өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115676/)