![Ертең елордада Абайдың 175 жылдығына орай әдеби шара өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_131228.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты рухани-танымдық әдеби мереке өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шара Абай ескерткіші жанындағы алаңда сағат 11:00-де басталады. Әдеби мерекені елорда әкімдігінің Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отыр.
Мақсаты - ұлы ақынның шығармашылығымен танысу, талдау және насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақ бойында отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастыру.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең елордада Абайдың 175 жылдығына орай әдеби шара өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115706/)