![Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_131168.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Б.М.Сапарбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2019 жылғы 20 тамыз
№ 123
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115711/)