![Қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстары жалғасуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_131135.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қырғызстан тауларында жоғалған альпинистерді құтқару операциясы жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Қырғызстан тауларында құтқару операциясы жалғасуда. ҚР Қорғаныс министрлігінің үш әскери альпинисі Хан Тәңірі шыңынан төмен орналасқан «Қарқара» базалық лагеріне жеткізіледі. Осы жерден олар «Қазавиақұтқарудың» МИ-703 (171) тікұшағымен шекарадан өтетін «Кеген» пункті арқылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл қаласына жіберіледі. Құтқару отряды жоғалған альпинистер тіркелген «AK-SAI TRAVEL» туркомпаниясының лагеріне барады. Олар қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Құтқарушылардың шыңға шығуда тәжірибе жинақтаған нағыз мамандар екенін атап өткім келеді. Топты Мақсұт Жұмаев басқаруда»,- деп жазды Алматы әкімі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстары жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115715/)