![ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз «Qazaqstan» Ұлттық арнасына алғыс білдірді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_131114.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі маңызды діни мереке Құрбан айтта атқарылған ізгі іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсеткені үшін «Qazaqstan» Ұлттық арнасына алғыс білдірді.
«Исі мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айтта атқарылған ізгі іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсетіп, мерейлі мерекенің мәні мен маңызын насихаттауға сүбелі үлес қосқандарыңыз үшін сіздерге айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды жеткіземін.Халықтың қамы, еліміздің болашағы жолындағы істеріңіз берекелі болсын», - делінген Бас мүфтидің жолдаған хатында.
Осы орайда, күзгі телемаусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінен дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттауға бағытталған «Иман өзегі» атты жаңа жоба шығатынын хабарлаймыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз «Qazaqstan» Ұлттық арнасына алғыс білдірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115721/)