![«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_130704.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана LRT» ЖШС-ның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланғанын айтты.
«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу туралы өтінішхат жолданды. Сонымен қатар, оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр», - деді Б.Игенбердинов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115737/)