![Аида Балаева Президент көмекшісі болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_130502.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аида Балаева Президент көмекшісі болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115754/)