![Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_130467.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115756/)