![Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_130331.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2019 жылдың соңына дейін Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі.
Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
«Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі. Жалпы саны 500 мектеп тұрғызу жоспарланған. Оның ішінде 100-ден астам мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен салынады», - деді Асқар Мамин.
Одан бөлек, мемлекеттік жеке кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша ашылмық. Ал 2021 жылы мектептерде, колледждер мен ЖОО толығымен жаңа оқыту бағдарламаларына көшеді.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115764/)