![Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телеарнасының директоры болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_130285.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Танымал тележурналист Мейіржан Әлібекұлы «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.
Мейіржан Әлібекұлы 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі.
Алғашқы еңбек жолын «Atyraý» облыстық телеарнасынан бастады. Әр жылдары «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында тілші-сарапшы, редактор-жүргізуші, Қазақстан Президентінің журналистік пул тілшісі, шеф-редактор, дирекция директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі. «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің лауреаты, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телеарнасының директоры болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115776/)