Санақ 12 сағаттан аспауы тиіс. Яғни ол жұмыс таңғы сағат 8:00-ге дейін жалғасады. Аумақтық сайлау комиссиялары дауыс санаудың нәтижелерін 2 күннің ішінде Орталық сайлау комиссиясына жолдауға міндетті. Президент сайлауының алдын-ала қорытындысы 10-11 маусымда жарияланады.
Сондай-ақ, заң бойынша орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің нәтижесін 10 күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Жалпы соңғы мәліметке сүйенсек халықтың 77,4 %-ы өз таңдауын жасапты. Әрине бұл сан әлі де өзгеруі мүмкін.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Республика бойынша 20:00-де сайлау учаскелерінің есігі жаппай жабылып, 9970 арнайы аумақта дауыс санау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115847/)