Сайлаушылардың қай кандидатқа дауыс бергенін арнайы сауалнама арқылы анықтайтын Еxit poll-дың алдын ала нәтижелерімен бөліссек. Сауалнама республика бойынша 325 сайлау учаскесінде жүргізілген. Барлығы 13 200 сайлаушы қамтылды.
Сонымен, Еxit poll-дың алғашқы нәтижелері бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайызбен алғашқы орында тұр. Ал Әміржан Қосановқа дауыс берушілер көрсеткіші 16 пайызға жетеғабыл. Дәния Еспаева 5,32 пайыз дауыс жинады. Жамбыл Ахметбековте - 4 пайыз. Төлеутай Рақымбековті қолдаушылар 3 пайыздан сәл асса, Амангелді Таспихов 2 пайыздай, ал Сәдібек Түгел 1 пайыз да дауыс жинай алмаған.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Exit poll нәтижесі шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115853/)