Қазақстан коммунистік халық партиясы Президент сайлауының қорытындысын мойындайтындығын мәлімдеді. Партия жетекшісі Жамбыл Ахметбеков дауыс беру нәтижесі халықтың кандидаттарға берген әділ бағасы екендігін айтты. Сондай-ақ, ол сайлаудың ашық әрі шынайы өткендігін жеткізді.
Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан коммунистік халық партиясының жетекшісі:
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына жасалған бүкіл мүмкіншіліктер орынды болды. Біздің сайлау учаскелерімізде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ. Сайлаудың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Қ.Кемелұлын құттықтаймын.
Ақмарал ТӨЛЕУБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан коммунистік халық партиясы Президент сайлауының қорытындысын мойындайтындығын мәлімдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115861/)