Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауы заңға сай өтті. Саяси науқан демократияға сай және бәсекелестік жағдайда өтті. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен келген байқаушылар кешегі додаға осындай баға берді. Сайлауға ұйымға мүше 8 елден 432 байқаушы келді. Олар ел аумағы бойынша 3812 учаскедегі жұмыс барысына қатысты.
Сергей Лебедев, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы:
Жекелеген кемшіліктер санаулы ғана, ал дауыс берген адамдардың саны 9 миллионнан асады. Сондықтан бұл олқылықтар жалпы сайлау процесіне кедергі келтірді деп есептемейміз. Берілген дауыс саны Қазақстан халқының пікірін білдіреді. Біз бұл сайлауды мойындаймыз.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД байқаушылары Қазақстандағы сайлауға баға берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115862/)