Солтүстік Қазақстан облысында сайлау кезінде 663 учаске жұмыс істеді. Өңірге шет елдерден 47 байқаушы келді. Олардың 22-сі Еуропа елдерінен болса, 25-і Ресейдің көрші облыстарынан. Байқаушылар учаскелерде болып, дауыс беру процесінде заңның орындалуын қадағалады. Теріскейге табан тіреген шетелдіктердің айтуынша, облыста заңбұзушылықтар байқалған жоқ, бәрі заң шеңберінде өтті.
Есенғали Ыбыраев, байқаушы:
Мен байқаушы ретінде Шал ақын ауданында болып, сайлау учаскелерін араладым. Тәртіпбұзушылықтар, заңға қайшы әрекеттер байқалған жоқ. Ең бастысы - халықтың сайлауға деген қызығушылығы, таңдау жасауға деген ұмтылысы жоғары екені көрініп тұрды. Басым бөлігі түске дейін дауыс беріп кетті. Осыдан халықтың белсенділігін байқадым.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстан облысына 47 шетелдік байқаушы келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115865/)