Сайлау науқанының басталғанына бір сағат болды. Еліміздің барлық өңірінде 9970 учаске жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, шетелдегі қазақстандықтар үшін жер-жиһанның 51 елінде 65 учаске ашылды.
Шеттегі учаскелердің дені теріскейдегі алып көршімізде ашылып отыр. Отандастарымыз Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде дауыс бере алады. Сондай-ақ, Қазақстанның Астрахань, Қазан, Омбы және Санк-Петербургтегі бас консулдығы мен консулдықтарының жанынан тағы төрт сайлау учаскесі ашылады.
Саяси доданың барысы туралы және соңғы ақпараттармен тілшіміз Фариза Мұсақызы бөліседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлауда ең бірінші болып Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар дауыс берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115876/)