Орталық сайлау комиссиясынан дауыс берушілердің белсенділігіне қатысты келіп түскен мәліметпен бөлісейін. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 14:00-ге дейінгі ақпаратқа сәйкес, ел бойынша сайлаушылардың 51,8 %-ы бюллетендерін алып, өз таңдауын жасаған.
Ең белсенді аймақ - Ақтөбе облысы, мұнда тұрғындардың 69,4 %-ы дауыс берген. Ал тізім соңында еліміздің оңтүстік пен солтүстік астаналары тұр. Әзірге Елордалықтардың 37,6%-ы дауыс берген. Саяси додаға қызу кіріскен өңірлердің ішінде екінші орында Алматы облысы, мұнда халықтың 63%-ы азаматтық парызын орындаса, үшінші орында тұрған Ақмола облысының көрсеткіші — 56,7%.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Cұлтан қаласының уақытымен сағат 14:00-ге дейін ел бойынша сайлаушылардың 51,8%-ы өз таңдауын жасаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115927/)