Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар белсенділігіне қатысты келіп түскен тың мәліметпен бөлісейін. Нұр-сұлтан қаласының уақытымен сағат 18:00-гі ақпаратқа сәйкес, ел бойынша сайлаушылардың 72,9%-ы бюллетендерін алып, өз таңдауын жасаған. Ең белсенді аймақ – бұған дейін Ақтөбе облысы болса, қазір оны Алматы облысы алмастырыпты. Мұнда тұрғындардың 86,3%-ы дауыс берген. Тізім соңында Алматы мен Шымкент қалалары тұр. Ал, елордалықтардың 63,7%-ы дауыс берген. Саяси додаға қызу кіріскен өңірлердің ішінде екінші орында Ақтөбе облысы, мұнда халықтың 84%-ы азаматтық парызын орындаса, үшінші орында тұрған Қостанай облысының көрсеткіші — 81%.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс берушілер белсенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115950/)