Өздері базары да бір, мазары да бір бауырлас ел санайтын Қазақстанда өтіп жатқан сайлауды бақылау үшін көрші Өзбекстаннан 50-ден астам өкіл келді. Оның бесеуі Нұр-Сұлтан қаласында, тағы бір бөлігі — Алматыда. Көбісі еліміздің оңтүстік өңірлеріне барған. Халықаралық бақылаушылар сайлаудың заң талаптарына сай өтіп жатқанын айтады. Ал қарапайым халықтың белсенділігі — олардың мемлекеттің саяси өміріне бай-жай қарамайтындықтарын аңғартады.
Зайнаддин Низамходжаев, ШЫҰ өкілі, бақылаушы, Өзбекстан:
Бізді сайлаушылардың аса белсенділігі ерекше әсерге бөледі. Тағы бір байқағанымыз — жастардың Президент сайлауына деген қызығушылығы жоғары екен. Бұл — олардың өз келешегіне сенетіндіктерін және елінің болашағы үшін таңдау жасай алатындықтарын көрсетеді. Сайлау үшін бұл өте маңызды көрсеткіш.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлауға Өзбекстаннан 50-ден астам өкіл келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115969/)