Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президент сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 46 байқаушысын тіркеу туралы қаулы қабылдады. Қатарында ТМД бойынша 11, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясынан 2 адам бар.
Зәуреш Баймолдина, ҚР ОСК мүшесі:
Сонымен қатар 7 шет мемлекеттен - Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Палестина, Ресей Федерациясы, АҚШ, Грузиядан 33 байқаушы ұсынылып отыр. Олардың ішінде Үндістан мен Ресей Федерациясы орталық сайлау органдарының өкілдері бар екенін атап көрсеткен жөн. 46 байқаушының барлығы отырыста аккредиттеуге шығарылып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ОСК Президент сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 46 байқаушысын тіркеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116007/)