![Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Мемлекет басшысы](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/9/2/1567402872951.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан халқына Жолдауында Президент әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керектігін айтты.
«Келер жылы аталып өтілетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Ендігі жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Мемлекет басшысы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116033/)