Ақмола облысының биыл 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан - Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы. Бүгін Президент Ақордада Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевты қабылдап, аталған тақырыптар бойынша өңір басшысының есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде агроөнеркәсіптік кешен мен туризмді, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен жастарға қолжетімді инфрақұрылым нысандарын салу қажеттігін атап өтті.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116068/)