![Мемлекет басшысының қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы өтіп жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/9/4/1567571222888.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы жұмысын өтіп жатыр.
Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы Азия құрлығында орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту әрі егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды мақсат-міндеттерді көздейді. Әдеби форумның жалпы отырысына Нобель сыйлығының номинанттары Оңтүстік Корея қаламгері Ко Ын, катарлық Моза аль-Мальки, моңғолиялық Гомбожавын Мэнд Ооёо, Оңтүстік Азия халықаралық сыйлығының лауреаты үндістандық Амар Митра, Әзербайжан халық жазушысы Анар Расуыл Рзаев баяндама жасайды.
Форум жұмысы 3 күнге созылады. Бүгін шараның жалпы отырысы өтіп жатыр. Екі бөлімде 11 спикер баяндама оқиды. Ертең TED.9 форматында арнайы шара өтеді. Онда 10 спикер дәріс оқып, еркін форматта сұхбаттасады. Сондай-ақ, Абай көшесінің бойында «Қаламгерлер аллеясы» ашылады. Шара аясында Орталық Азия қаламгерлерінің кездесуі өтеді. Онда Ұлы Жібек жолы бойындағы әдебиеттің болашағы туралы айтылады. Форум аясында жас Азия қаламгерлерінің кездесуі де жоспарланған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысының қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116142/)