Мұндай ойды мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында айтты. Мемлекет басшысы бұл іс-шара шығармашылық қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек деп есептейді. Ал жаңа сыйлық әлемдік марапаттармен деңгейлес болуы үшін беделін арттыруға күш салуымыз керек деді. Сондай-ақ жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қаламгерлер үшін тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары БҰҰ-ның алты тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни, 2,5 млрд оқырманға тарайды.
Қаламгерлер жиынына сары құрлықтың әр елінен 90-нан астам мейман келген. Олардың арасында Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары бар. Іс-шара 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ертең белді жазушылардың шеберлік сыныптары өтеді және қаламгерлер аллеясы ашылады деп жоспарланған.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Тоқаев «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116148/)