![Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/9/5/1567663241769.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Президент облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді.
Сапар бағдарламасына сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысуы жоспарланған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116208/)