![Мемлекет басшысы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/9/5/1567685892118.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.
Қазақстан Президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.
«Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116234/)