Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.
Екі елдің Премьер-Министрлері сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық және аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыру келешегін талқылады.
Асқар Мамин, сонымен қатар «Ресей темір жолдары», және бірнеше ірі компанияның басшыларымен келіссөздер жүргізді. Жобаларға инвестициялар салу барысындағы өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңын бірлесіп пайдалану сияқты мәселелер талқыланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Премьер-Министр Асқар Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116328/)