![Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/9/10/1568106040682.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада буккроссинг орындары ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Яғни, бұл - кітаптарды алмастыратын орын. Мәселен, сіз бұрын оқыған кітабыңызды алып, ашық буккроссинг-аймағына апарасыз. Ондағы кітап сөресіне оқылған кітабыңызды қойып, сіз оқымаған кітаптарды алуыңызға болады. Ақысыз.
Буккроссинг-аймақтары адамдар көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары, жоғары оқу орындары мен қоғамдық жерлерде орнатылады.
Кітап алмастыратын әр алаңға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отандық және шетелдік классиктердің есімі беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116444/)