Қазақстанда ветеренария саласындағы жемқорлық өршіп кетті. Былтырғымен салыстырғанда 1,5 есеге көбейген. Әсересе жалған анықтама қағаздарын жасау кеңінен таралған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлім болды. Сойылған мал ешқандай аурумен ауырмайды деп жазып бергені үшін мамандар 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін сыйақы алып келген. Тексерістен өтпеген малдың етінен түрлі аурулар табылған кездер де тіркеліпті.
Арман Бердалин, Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті директорының бірінші орынбасары:
Базарға келіп, еттің барлығы қажетті ветеренариялық тексерістен өтпейтіндігі, әрі қарай халыққа еш бөгетсіз таралатыны анықталды. Ақмола облысы Аршалы ауданы ауылдарының бірінде малдарды сою кезінде сібір жарасы анықталып, осы ауылдың 4 тұрғыны осынау қауіпті дертке шалдыққан.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты зерттеу нәтижелері туралы жиын өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116576/)