![Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге сомасында зейнетақы төленді](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/9/13/1568350557393.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2019 жылғы қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 469,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері - 1029,7 млрд теңге бағытталды.
2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.
2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 млн 190 мың адамды құрады.
enbek.gov.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге сомасында зейнетақы төленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116593/)