Жобаны "Нұр Отан" партиясы ұйымдастырды.
Бүгін, «үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсімге «Нұр Отан» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов қатысты. Байқауға жалпы саны 26 өтінім келіп түскен. Сайыс 5 бағыт бойынша өтті. Бірінші орынды «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамту» бағыты бойынша «Шексіз мүмкіндіктер технологиясы» жеңіп алды. Жеңімпаз қанжығасына алғыс хатпен қоса 1 млн теңге байланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үздік әлеуметтік жоба авторлары марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116770/)