![Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/9/20/1568959256906.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жартылай финалдық кездесулер басталады. Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің осы кезеңдегі қарсыластары анықталды. Бекзат Нұрдәулетов Рио Олимпиадасының жеңімпазы, 4 дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Ла Круспен жұдырықтасады.
Жартылай финалда бақ сынайтын қазақ боксшылары мен олардың қарсыластары төмендегідей:
52 келі Сәкен Бибосынов - Амит Пангхал (Үндістан);
69 келі Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей);
75 келі Тұрсынбай Құлахмет - Эумир Марсиаль (Филиппин);
81 келі Бекзат Нұрдаулетов - Хулио Ла Крус (Куба);
91 келі Василий Левит - Хулио Кастильо (Эквадор);
91 келіден жоғары Қамшыбек Қоңқабаев - Джустис Хуни (Австралия).
Жартылай финалдық бәсекелерді QAZAQSTAN және QAZSPORT арналары көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116857/)