«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып келеді. Жоба студенттерге заманауи білімге қол жеткізіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Гуманитарлық бағыттағы әлемдегі ең үздік 100 оқулық қазақ тіліне аударылды. Бұл бұрын-соңды болмаған бастама. Алғашқы 49 данасы Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті кітапханасында.
Ақмарал Қазыкешова, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «БжКМ» мектебі доценті:
Біз өте қуаныштымыз. Әсіресе, экономикалық мамандықтарға арналған биыл, міне, 11 кітап жарық көрді. Таптырмайтын құралдар. Медиамаркетинг, журналистикаға байланысты, стратегиялық менеджмент, бұның барлығы қазақ тілінде болғандығына өз басым қуаныштымын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=100 жаңа оқулық – жастардың игілігіне&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116933/)