Премьер-Министр Асқар Мамин жылыту маусымына дайындықты уақытылы аяқтауды тапсырды. Үкімет отырысы кезінде өңірлердің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы талқыланды. Жергілікті атқарушы органдар 10 623 қазандықтың 10 606-сын жылыту маусымына әзірлеген. Сондай-ақ жоспарланған 4 990 шақырым жылу желілерінен ағымдағы кезеңде 4 943 шақырымы немесе 99,1% жөнделді. Білім беру мен денсаулық сақтау нысандары да жылыту маусымына әзір, - дейді билік өкілдері.
Ғабит БӨКЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жылыту маусымына дайындық пысықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116951/)