![Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтер сыйға берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/9/24/1569317580009.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Сондай-ақ, өңір басшысы Бекзатқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізді.
«Әрі қарай шыңдала бер. Жеңісті сәттер көп болсын! Сондықтан Ақтаудың төрінен пәтер сыйлаймыз. Осындай жетістікке жеткізген бапкерлерінің еңбегі зор», - деді Серікбай Трұмов.
Бапкерлерін ерекше атаған аймақ басшысы оларға да қаржылай марапат сыйлады. Бекзаттың жас кезіндегі бапкері Батырбек Жайлыбаевқа 3 млн теңге, Марат Жәкиевке 5 млн теңге берілді.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтер сыйға берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/116986/)