АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінің профессоры, «Халықаралық туризмді зерттеу» институтының директоры шежірелі шаһарға арнайы келді. Ол саланы іргерілетудің әлемдік трендтерін, әдіс-тәсілдерін, халықаралық стандарттарын түсіндіріп берді.
Айта кетейік, Түркістанда 1200-ге тарта тарихи ескерткіш, ерекше қорғалатын 4 табиғи аумақ бар. Шипажайлар қаншама. Шетелдік профессор, Халықаралық қазақ-түрік университетінің туризм мамандығында оқитын 150-ден астам студентіне дәріс беріп қана қоймай, Түркістан туризмін түлетер жаңа бағдарлама әзірлемек. Бұған дейін Түркияның ең озық қонақүйлерінде өндірістік-практикалық тәжірибеден өткен шәкірттердің бірқатары енді Вашингтон университетіне білімімін ұштап қайтуы да мүмкін.
Болатбек Әбдірасылов, Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры:
Олар - дүниежүзіне белгілі сарапшылар. Сол себепті келіп, туристік потенциалымызды зерттеп, мүмкін болашақта біздің тарихымызбен айналысатын, біздің тарихымызға қызығатын АҚШ азаматтары да келетін шығар деген ой бар.
Гүлжазира Ғалиқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Америкалық ғалымдар Түркістанның туризмін дамытуға атсалыспақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117076/)