Бүгін елордада ІІ Орталық Азия БҰҰ Халықаралық моделі конференциясы басталды. Жастар жылына арналған жиынға Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Пәкістан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ауғанстан және Өзбекстаннан 250 делегат келген.
Конференцияның басты мақсаты - жастарды Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына тарту. Қатысушылар жойылып кету қаупі төніп тұрған тілдердің сақталуы, ғарыш кеңістігінде қару-жарақтың таралуы, санкциялардың халықаралық саясатқа әсері, мектептерге жасалған шабуылдардың көбеюі сынды халықаралық мәселелерді көтереді. «Бұл жастардың саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттырады», - дейді ұйымдастырушылар.
Уалихан Бахретдинов, «Орталық Азия БҰҰ моделі» үйлестіру орталығының жетекшісі:
Модель аясында әр қатысушы өзінің дипломатиялық қабілеттерін дамытып, білімдерін арттырады. Жастар халықаралық деңгейдегі маңызды проблемаларды шешуге атсалысады.
Саламат Омаш
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азия жастары жаһандық мәселелерді шешуге атсалысып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117125/)