Елордадағы қоғамдық бірлестік мүшелері оңтүстік өңірлерге аттанды. Әуелі Түркістанға түсіп, аймақтың туристік әлеуетін бақыламақ. Сондай-ақ, инватуризмнің жағдайымен танысады. Қоғамдық ұйымдармен кездесіп, мүгедек жандардың саяхатын дамытуды талқылайды. Көрікті жерлерді көпшілікке әлеуметтік желі арқылы насихаттамақ.
Құрбанәлі Әбуов, қоғамдық бірлестік мүшесі:
Біздің мақсатымыз инватуризмді яғни шексіз туризмді дамыуға үлес қосу. Туристік жерлерді көзбен көріп,ондағы жағдайды бақылап, өзіміз секілді мүгедек жандардың бірлестіктерімен жолығып, өзара пікір алмасамыз.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Туризмді дамытуға мүгедек жандарда да атсалыса бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117186/)