Алматы хайуанаттар бағында балалар үшін арнайы үйірме ашылды. Тәлімгерлер бақтың тарихымен танысып, аң-құстардың мінез-құлқын зерттеп, жануарлармен қалай сөйлесу керек екенін үйренеді. Аталған үйірмеге 5 пен 12 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Ал, сабақ аптасына екі рет өтеді. Оқушылар ыңғайына қарай түске дейін немесе түстен кейін екі сағаттан дәріс алады. Қазақ тобында қазір 20-дан астам бала дәріс алып жүр.
Жансая Ахметкәрімова, тәлімгер:
Мысалы, біз неге баланы үйірмеге шақырамыз? Болашақта ол кісілер осы мамандықты таңдап, жануарларды емдеймін, зерттеймін, олардың жойылып бара жатқан түрлерін көбейтемін десе, көзқарастарын соған бұрамыз.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жас натуралистер үйірмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117194/)