Халықаралық қарттар күніне орай Түркістандағы қазақ-түрік университеті ардагерлерге ерекше сый жасады. Киелі жерлерге саяхат ұйымдастырды. Соның аясында 30 шақты ардагер ұстаз Сыр өңіріне аттанды. Қариялар алдымен көне қала Сығанаққа аялдап, тарихына қанығады. Сондай-ақ, Шиелі өлкесіндегі Оқшы ата, Асан ата, Есабыз, Қыш ата, Бала би, Досбол датқа жерленген «Жеті әулие» мазаратына соғады. Бабалар рухына құран бағыштайды. Одан әрі аңыз бен әбсанаға толы – «Қорқыт ата» мемориалды кешеніне бармақ. Қасиетті жерлерден табанымыз тиіп, тағылым жинап қайтатын болдық,- дейді ардагерлер. Танымдық рухани тұрғыдағы сапар екі күнге созылады.
Балғабай Нақыпов, ХҚТУ ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Сапарымызды Сығанақ қаласынан бастаймыз. Өйткені онда университетіміздің ғылыми-щерттеу институты археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, өткенге ізденіс жасап жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарттар Сыр өңірінің киелі жерлеріне саяхаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117204/)