Ауғанстанда сайлауға қатысушылардың саны рекордтық деңгейге дейін төмендеп кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, сенбі күні жаңа президентті таңдауға электораттың 25 пайызы ғана барған. Бұл – 2001 жылы «Талибан» билігі құлағаннан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Сайлауға 9 миллион 600 мыңдай адам қатысуға керек еді. Бірақ, әзірге 2 миллион 100 мың ауғандықтың бюллетен тастағаны белгілі болып отыр.
Тәліптер бұған дейін сайлау бөлімшелері мен үгіт-насихат науқандарын шабуылдайтынын ескертті. Сондықтан, үкімет дауыс берушілерді қорғауға 70 мыңнан астам жауынгер мен полицей жұмылдырды. Соған қарамастан, сайлау күні атыс-жарылыстардан кемінде 5 адам қаза тауып, 80-нен астамы жараланған.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстанда сайлаушылар саны 25%-ға төмендеп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117235/)