Айсберг бөлініп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айсберг бөлініп кетті

01.10.2019

Антарктиданың шығысындағы Эймери шельфтік мұздығынан салмағы 315 миллиард тонна айсберг бөлініп кетті. Мұндай жағдай соңғы жарты ғасырда алғаш рет болып отыр. 

Қалыңдығы 210 метрге жететін алып мұз енді жіті бақылауға алынады. Өйткені, ол мұхиттағы кемелерге үлкен қауіп төндіреді деген болжам бар. 

Дегенмен, кейбір ғалымдардың пікірінше, айсбергтің бөлінуі климаттың жылыну процесімен байланысты емес, Ал, 1960-шы жылдардың басында Эймериден алшақтаған мұздықтың аумағы 9 мың шаршы шақырымға жеткен екен.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу