Бұл - Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі турнир. Оған өңірдің барлық аудан-қаласынан 90-ға жуық ардагер келген.
Ептілікті, асқан дәлдікті, қырағылықты талап ететін тастаяқ ойынынан мықтыны анықтау ұзаққа созылды. Себебі спорттың бұл түріне қариялар тас-түйін дайын келген. Үздікті анықтау үшін бірнеше айналым ұйымдастыруға тура келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, түркістандық ардагерлер республикалық сайыстардан да жүлдесіз қайтқан емес. «Әсіресе, 75 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаздар көп»,-дейді.
Құрбан Нұрымбетов, Төле би ауданынан келген ардагер:
Спорт жас келгенде өте пайдалы, аяқ-қолға. Сондықтан қатысушылардың бәріне сәттілік тілеймін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістандық қариялар бильярд пен шахматтан сынға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117296/)