Солтүстік Корея мен Жапония қайықтары соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея мен Жапония қайықтары соқтығысты

07.10.2019

Бүгін Солтүстік Кореяның балықшылар қайығы Жапонияның патрульдік қайығымен соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, бірнеше адам жоғалып кеткен. Тағы он шақты балықшы құтқарылды. Олар – солтүстіккореялық су көлігінің экипаж мүшелері. 

Ресми Токионың мәлімдеуінше, Солтүстік Корея қайығы Жапонияның ерекше экономикалық аймағына заңсыз енген. Ал, апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, Жапония құтқару операциясына кемелері мен бір ұшағын жіберді.

Арыстан РЫСБЕК




Хабарламаларға жазылу