![Әлихан Смайылов қай министрліктер бюджетті игере алмай жатқанын айтты](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/10/14/1571025864922.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қай министрліктер бюджетті игере алмай жатқанын айтты.
«Республикалық бюджет 19% және жергілікті бюджеттер 7% өскенін атап өту керек. Ұлттық қордың активтері 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда 15 пайызға өсіп, 26 трлн 447 млрд теңгені құрады. Ал республикалық бюджеттің шығындары 8 трлн 541 млрд теңгені құрады. Орындалмау сомасы - 14,3 млрд теңге. Оның 5,7 млрд теңгесі - үнемделген қаражат. 8,6 млрд теңге игерілмей жатыр. Бұл 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда бес есе аз. Ең көп игерілмеген сома мына әкімшілерде қалыптасты: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі - 1,5 млрд теңге, Жоғарғы сот - 1,2 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі - 992 млн теңге, Сауда және интеграция министрлігі 947 млн теңге. Қаржы игермеудің негізгі себептері - конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну», - деді ол.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов қай министрліктер бюджетті игере алмай жатқанын айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117740/)