Дариға Назарбаева бастаған жоғарғы палата өкілдері елордада Мәңгілік ел және Ұлы дала көшелерінің қиылысында 150-ден астам қарағай және шырша көшеттерін отырғызды. Жалпыхалықтық сенбілікке қала әкімі Алтай Көлгінов те белсене қатысты.
Қолдарына күрек ұстап, қара жұмыс істеу депутаттарға таңсық емес. Олар жылына 2 рет дәстүрлі түрде қаланы тазалау және көгалдандыру жұмыстарына қатысып тұрады.
Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ұжыммен бірігіп, жұмыс істеп қаланы көгалдандыру жұмысына өзімнің үлесімді қосып жатқаныма мен қуаныштымын. Бұл бір жағынан спорт, бір жағынан тимбилдинг, бір жағынан қаланың көркін келтіретін, өте берекелі іс-шара деп айтар едім.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат депутаттары сенбілікке шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117747/)