АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында салынып жатқан қонақүй құлап, 1 адам қаза тапты. 18-і жараланып, ауруханаға жеткізілген. Сонымен қатар қала басшылығы 3 адамның әлі табылмағанын мәлімдеді. Болжам бойынша, олар үйінді астында қалуы мүмкін.
Төтенше жағдай кезінде Hard Rock Hotel мейманханасында 45 адам жұмыс істеп жатқан. Оның 8 қабаты опырылып, енді бүкіл ғимаратқа құлап қалу қаупі төніп тұр. Сондықтан полиция жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр болды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та қонақ үй құлап, 18 адам жараланып, 1 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117781/)