Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Бакуде өтіп жатқан түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің отырысы алдында тараптар екі елдің қарым-қатынасын талқылады. Түркия мен Қазақстан арасында байланыс ежелден бекем. Саяси-экономикалық, мәдени, гуманинарлық қатынас өзара достыққа негізделген. Алдағы уақытта да бауырлас елдердің алыс-берісі, барыс-келісі жандана бермек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Түркия Президентімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117803/)