Тағы 200 шақтысы жараланған. Сонымен қатар, із-түссіз жоғалған 15 адам әлі іздестіріліп жатыр.
Дүлей дауыл мен нөсер жауын елдің 8 префектурасына соққы берді. Олардың ішінде аса зардап шеккендері – Нагано мен Фукусима. Рекордтық мөлшерде түскен жауын-шашыннан 20 шақты өзен арнасынан тасып, мыңдаған үйді су басты. Жолдар шайылып, лай көшкіні жүрген. Сондықтан қауіпті аудандардан эвакуацияланған адамдар уақытша орталықтарға орналастырылып жатыр.
«Хагибис» – соңғы 60 жылда Жапонияға соққы берген ең жойқын тайфун. Ел премьер-министрі Синдзо Абэ табиғи апатқа байланысты барлық шара қолданылып, тұрғындарға көмек көрсетілетінін айтты.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда «Хагибис» тайфунынан қаза тапқандар саны 68-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117808/)